29 желтоқсан күні Жаңақорған ауданының Қаратөбе ауылы тұрғыны үй ауласындағы мал қорасынан екі қой ұрлағандығы туралы полицияға арыз берген. Қызылорда облысы ПД Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Ол 30 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 3 бөлігімен (Мал ұрлығы) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!