Қостанайда әлеуметтік-техникалық колледжінің екі студентіне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 19 жастағы екі қыз психотроптық заттарды сатумен айналысты. Бұл туралы Алау порталы хабарлайды.
Сот материалдарына сәйкес, 3-ші курста оқитын екі қыз психотроптық заттарды Қостанайда ғана емес, Петропавл қаласына дейін барып сатқан.
Студенттер Ангелина Антипенко мен Анастасия Савостьянова аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сатып алу және сату қылмыстары бойынша айыпталып отыр.
Екеуі де есірткіні жасырып кету әрекеті үстінде ұсталды. Біреуінен ұнтақ салынған ондаған түйіншек табылды.
Ұсталған күні қыздар бекітілген жерлерде – тұрғын үйдің кіреберісіне бірнеше дозаны қойып үлгергені анықталды. Сондай-ақ бойжеткендердің үйін тінту кезінде «синтетика» мен гашиш табылды.
Екі студент қызға бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Кінәсі дәлелденсе, әрбіреуі 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әзірге қыздар елден шықпау туралы қолхатпен жүр. Мұндай істе осылай еркін жүру сирек берілетін мүмкіндік.
Сотқа Ангелина Антипенконың заңды өкілі саналатын анасы келмей қалған. Сол себепті сот отырысы кейінге қалдырылды. Қыздарды қолдауға екі құрбысынан басқа ешкім келмеген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!