«Қарасора-2022» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы аумағына бекеттер қойылып есірткі айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында екі ауысыммен жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі таңда есірткі қылмысына қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттері таптырмас көмекшіге айналды. Іс-шара барысында кинолог мамандармен қызметтік-іздестіру иттерін пайдалану арқылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты жеті қылмыстық құқық бұзушылық деректері анықталып, жалпы салмағы 2250,08 гр. болатын есірткі заттары алынды.
Мәселен, жуырда ғана Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологі полиция аға сержанты Пазылов Азамат Оспанұлы өзіне бекітілген «Елай» итінің көмегімен «Қызылорда-Жезказған» тасжолының 12 шакырымында автокөлікті тінту барысында жүк салғыштан 1014,87 гр болатын есірткі заты «кептірілген марихуананы» тауып, тәркілеуге септігін тигізген. Күдікті полицейлермен құрықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!