Дүйсенбі, 25 қараша, 21:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Елдегі түрмелер лық толы

22.07.2024

446 0

Сурет: kz.kursiv.media.

Қазақстан түрмелері мен тергеу изоляторлары толып кеткен. Осыған орай орын тапшылығы туындаған. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖК)комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты, – деп хабарлайды kz.kursiv.media.

Қалалардағы уақытша ұстау изоляторында орын толып кеткенде, ондағы азаматтардың көрші өңірдегі мекемелерге көшіріледі екен. Комитет өкілі бұлайша мекемелердің толып кетуін, заң нормаларының қатайғанымен түсіндірді.

«Соңғы 4 жылда расында, бұл салада өсім байқалады. Оған себеп бірнеше қылмыстық нормалар қатаңдады. Мүлікке қатысты, жол жүру қауіпсіздігіне қатысты, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты талаптар өзгерді. Қазіргі таңда біз бұл мәселені шешу жолдарын іздеп жатырмыз. Мәселен, Астана қаласында изоляторда орын толып кетсе, оларды сот үкімі шыққанша көрші облыстағы мекемелерге ауыстырамыз. Бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешу үшін шаралар қабылданып жатқанын айтқым келеді. Жаңа тергеу изоляторларын салу жоспарда бар. Тиісті жұмыстар атқарылып жатыр», – деді

Жәнібековтың айтуынша, Қазақстанда 78 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі жұмыс істейді. Онда 37 мыңнан астам сотталған жазасын өтеп жатыр, оның 3 мыңға жуығы әйелдер және 50-ден астамы кәмелетке толмағандар. 93%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар. Бұл ретте сотталғандардың 45%-ы бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар.

Ал заң нормалары қатайғаннан кейін, соңғы 4 жылда түрмедегі адамдардың саны 7 мыңға өскен.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖК)комитетінің төрағасының айтуынша, комитет қоғамның ең күрделі санатымен жұмыс істеп жатыр. Осыған қарамастан, мекемелерде жағдай тұрақты және бақылауда. Қамаудағы әр адаммен психологтар мен мекемедегі әртүрлі қызметкерлер кешенді жұмыс жүргізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: