Жексенбі, 02 қараша, 15:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83, 2195
01.11.2025
PDF мұрағаты

Елімізде пәтерге жалған тіркеу дерегіне қатысты жауапкершілік күшейтіледі

02.11.2025

68 0

Фото: krisha.kz

2025 жылғы 31 қазанда ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте бір мекенжай бойынша жалған тіркеу жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz-тің мәлімет бойынша биыл елімізде мыңнан астам пәтерде 70 мыңға жуық адамның тіркелгені анықталған. Кейін олардың барлығының тіркеуі жойылып, азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Алматы облысында бір азаматша өз пәтеріне бірден 154 шетелдікті тіркеп қойған.

ІІМ өкілі мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін заңнамаға түзетулер енгізіліп жатқанын айтты. Енді жалған тіркеу және тіркелген мекенжайда тұрмау фактілері үшін қазақстандықтармен қатар шетел азаматтарына да айыппұл салынады.

517-бапқа сәйкес, мұндай жағдайда 15 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: