Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде сарбаздарға араб тілін үйрену міндеттелмек

15.11.2024

297 0

Сурет: РК министрлігі

Қазақстан парламентінің сенаты Катармен келісімді бекіткеннен кейін отандық сарбаздарға араб тілін үйрену міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бірер күн бұрын депутаттар Қазақстан мен Катар арасындағы әскери ынтымақтастықты реттейтін келісімді бекіту туралы заң жобасын талқылады. Құжатта әскери мүлік транзитінің, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ қаржыландырудың, әуе кеңістігін және әскери полигондарды пайдаланудың жаңа нормалары белгіленген.

Сонымен қатар келісімде қазақстандық сарбаздарға араб тілін үйрету де қарастырылған. Бұл сарбаздарымыздың Катар әскерилерімен өзара қарым-қатынасын жақсартуға септігін тигізеді.

Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айуынша, енді қазақстандық сарбаздар төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және енді араб тілдерінде сөйлейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: