Дүйсенбі, 25 қараша, 01:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Елжан Біртановтың ісі: Асқар Мамин сотқа шақырылды

24.06.2022

690 0

Aqmeshit-aptalygy.kz Бұрынғы министр Елжан Біртановқа қатысты сот отырысы өтті. Экс-министр Асқар Мамин сотқа шақырылды, деп хабарлайды “КТК” арнасы. 

Ол бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ісі бойынша куәгер ретінде жауап береді. Сот сондай-ақ, Үкіметтің үш мүшесінің отырысқа куәгерлер ретінде шақыру туралы айыпталушы Елжан Біртановтің өтінішін қанағаттандырды.

Асқар Мамин сот отырысында бұрынғы денсаулық сақтау министрінің Жамбыл облысына қызметтік іссапары, оның ішінде Нұр-Сұлтанға санавиация бортымен қайтып келуі бойынша жауап бермек.

Ал қазіргі премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов былтыр Қазақстандағы Хорватия елшілігінің, Эриксон Никола Тесла компаниясының өкілдері мен Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері өкілдерінің қатысуымен өткен келіссөздері туралы айтады. Тамара Дүйсенова да алдағы сот отырысына келеді. Қазіргі Еңбек министрі бұрынғы жұмысындағы келіссөздер бойынша сұрақтарға жауап бермек.

Ал Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннен сот  2020-2022 жылдарға арналған платформаны енгізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы жасаған бұйрықты сұрамақшы. Сондай-ақ «Халықаралық Қайта құру және даму банкінің» мамандары да сотқа шақырылған.

Бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты сот Елордада былтырдан бері жүріп жатыр. Тергеу органдарының мәліметінше, Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішев жұмыс істемейтін платформаны қабылдаған. Сондай-ақ бір жылдан бері тергеліп жатқан экс-министр 2020-ші жылғы маусымда Тараздан Нұр-Сұлтанға ұшу үшін санавиация ұшағын пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр.

Басқа да жаңалықтарды біздің әлеуметтік желідегі парақшалардан оқыңыз:

Telegram      Facebook      Instagram

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: