Жұма, 27 желтоқсан, 05:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Енді қазақстандықтар жол-көлік апатын өздері тіркей алады

30.09.2022

653 0

– Қазақстанда жол-көлік оқиғалары кезінде полиция мен сот қызметкерлерінің қатысуынсыз құжаттарды жеңілдетілген рәсімдеу (Еуропротокол) тетігі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жазылған.

«Заңның маңызды жаңалықтарының бірі Еурохаттаманы енгізу. «Еурохаттама» – полиция мен сот қызметкерлерінің қатысуынсыз жол-көлік апаты туралы құжаттарды жеңілдетілген рәсімдеу. Еурохаттаманың негізін қалаушы Франция, бұл жүйе Германия, Бельгия, Греция, Италия, Португалия, Испания және басқа елдерде кең таралған. ТМД елдерінде Еурохаттама Ресей, Белоруссия, Украина, Армения, Өзбекстанда енгізілген», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Заң жобасында Еурохаттама мынадай шарттар сақталған кезде қолданылады деп көзделген:

− жол-көлік апатына тек екі көлік құралы қатысқанда;

− жол-көлік апаты кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келмесе, үшінші тұлғалардың мүлкі зардап шекпегенде;

− жол-көлік апаты қатысушыларында міндетті автосақтандырудың қолданыстағы полисі болғанда;

− жол-көлік апаты салдарынан кінәлі және зардап шегуші бойынша тараптардың келісімі болғанда;

− залал сомасы белгіленген 100 АЕК лимиті шегінде тараптардың келісімі болғанда.

«Осы шарттарын сақтаған жағдайда қатысушылар полиция қызметкерлерін тартпай дербес рәсімдейді және ЖКО-ның кінәлі тарапын анықтау үшін сот шешімі талап етілмейді. Осылайша, Қазақстанда автосақтандыру бойынша сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу ЖКО-ны жедел ресімдеуді және мобильді қосымшаның көмегімен сақтандыру төлемдерін алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді М. Хаджиева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: