Сенбі, 21 желтоқсан, 20:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам әйелін өзін-өзі өлтіруге мәжбүрлеген

12.03.2024

607 0

Сурет: stan.kz

Қызылорда облысы, Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі әйелін өз-өзін өлтіруге дейін жеткізген ер адамға қатысты сот үкімі шыққанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соттың мәліметінше, тергеп-тексеру барысында ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігі (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотталушы Ә-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушы жәбірленуші Ә.-ге қатыгездікпен қарап, қорқытып, адами қадір-қасиетiн үнемі қорлаған. Оған шыдай алмаған әйел тұрғын үй ауласында мал қорада мойнына жіп байлап, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болған. Сотталушының кінәсі оқиға болған жерді қарап-тексеру хаттамасы, жәбірленушінің туыстары мен куәлердің айғағы, сараптама қорытындысымен, жәбірленуші мен сотталушы арасындағы хат алмасу, жәбірленушінің ұялы телефонынан алынған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын растайтын жазба және басқа да дәлелдемемен бекітілді», – делінген баспасөз қызметініңі хабарламасында.

Айта кетері, сотталушы сотта өз кінәсін мойындамаған. Айыпталушының жас балаларының болуы жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде қабылданбады. Себебі оның қылмысы жас балаларының анасына қарсы бағытталған және анасынан айырылуына алып келген.

«Сырдария аудандық сотының үкімімен сотталушы Ә. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыға қолданылған «ешқайда кетпеу» түріндегі бұлтартпау шарасы «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілді. Сотталушы сот залынан қамауға алынды. Азаматтық талап қоюшы Б. азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды. Азаматтық жауапкер сотталушы Ә.-ден азаматтық талап қоюшы Б.-ның пайдасына 10 000 000 теңге моральдық өтемақы өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: