Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ерекше балаларды ұрып соққан тәрбиеші 5 жылға сотталуы мүмкін

18.07.2023

684 0

Астанада ерекше күтімді қажет ететін балаларды азаптаған мұғалімге қатысты сот процесі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баласы түзеу орталығына барған аналардың бірі ұлының денесінен соққы іздерін байқаған. Күні кеше осы іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті.

Ерекше күтімді қажет ететін балаларды азаптады деген айыппен қылмыстық сотта отырған мұғалімнің жеке деректерін жария етуге сот тыйым салды. Олар мұны, кінәсі әлі дәлелденбеген адамға психологиялық қысым көрсетумен тең деп түсіндірді. Ал, зардап шеккен тараптың аты-жөнін жасырмады. Бірінші сот отырысына зардап шеккен балалардың анасының біреуі ғана қатысты.

Галина Николаеваның 10 жасар ұлы Баламай түзету орталығында төрт жылдай болды. Өткен жылдың күзіне дейін отбасы ешқандай мәселені байқамаған. Баласының мінез-құлқы өзгергендіктен ата-анасы күдіктене бастайды. Даун синдромы бар, дамуы тежелген бала болған оқиғаның бәрін ашып айта алмады.

– «Жағдайдың бәрі әшкере болған кезде олар кешірім сұрап та келмеді. Іс сотқа жіберіліп жатқан кезде ғана жазды» – деді жәбірленушінің анасы Галина Николаева.

Жәбірленуші тараптың адвокатының айтуынша, тағы бір зардап шеккен баланың денсаулығы күрт нашарлаған. Сотқа қатысуы тиіс анасы оны оңалту үшін шетелге алып кеткен. Үшінші ананың жиналысқа келмеу себебі белгісіз. Алайда, келесі сот отырысында олардың әрқайсысы процеске онлайн немесе жеке қатысуы мүмкін.

– «Айыпталушының жасаған әрекеті «азаптау» бабына жататындықтан, бап 140-баптан 110-баптың 2-бөлігіне өзгертілді. Азаптау – балаларға немесе дәрменсіз адамдарға қарсы бірнеше рет физикалық күш қолдану. Жүйе болу керек» – деді адвокат Аржан Сәдуақасов. 

Ерекше күтімді қажет ететін балаларды азаптаған мұғалімді алғашында Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша айыптау көзделген. Яғни, 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе түзеу жұмыстарын қарастыру. Ал, 110-баптың 2-бөлігінде төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бірақ, Сотталушының кінәсі дәлелденген жағдайда да, ол сот талқылауы барысында анықталған болса, жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, жеңілірек жаза қолданылуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: