Сенбі, 11 қаңтар, 06:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2-2115
11.01.2025
PDF мұрағаты

Есепте тұрған азаматтар қоғамнан шет қалмайды

15.07.2024

423 0


Бүгін Қазалы аудандық пробация қызметі, «Жігер » қоғамдық қорымен бірлесіп , пробация қызметі есебіндегі сотталғандар арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа пробация есебіндегі 20-дан астам сотталған қатысты.
Дойбы ойыны ойлау қабілетін дамытуға,логикалық ойлауын арттыруға және шыдамдылықты шыңдауға, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға тәрбиелейді. Тартысты өткен додада есептегі тұлғалар белсенділік танытып, бар ынта жігерлерімен ойнады.
Шара соңында «Жігер» қоғамдық бірлестігінің психолог маманы психологиялық тренинг өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар медальдармен және кубокпен марапатталды.
«Пробация есебіндегі азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрамыз. Бұл азаматтардың  қоғамнан шетте қалмауын, саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады» деді Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Е.Сражатов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: