Бейсенбі, 09 қазан, 15:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Есептегі азаматтар мұражайға экскурсия жасады

09.10.2025

138 0

Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі сотталғандарды қалалық мұражайға алып барды. Музей қызметкері есептегі азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып,оларға музейдің залдары, ондағы экспонаттар туралы кеңінен таныстырды. Сондай ақ, өлке тарихы туралы тың ақпараттар берді. Төл тарихымызбен ұлттық идеологиямызды насихаттайтын рухани- мәдени орталық қорындағы экспонаттарды тамашалады.

Есептегі азаматтар мұражайға экскурсия жасады

«Музейге экскурсия жасау барысында тарихи құнды, өзіндік маңызы бар қаншама экспонаттармен таныстық. Өткеніміздің тарихынан сыр шертетін залдарды аралап, артына өшпес мұра қалдырған өлкемізде өмір сүрген би-шешендер,батырлар өнер иелері және Тәуелсіз Қазақстанның айшықты оқиғаларынан туралы мол мағұлмат алдық. Музейден үлкен әсер алып, рухани тұрғыда байып қайттық. Осы шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлерімен музей қызметкерлеріне алғысы шексіз»,-деді есептегі азамат.

Есептегі азаматтар мұражайға экскурсия жасады

«Біздің басты мақсатымыз – пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеп, олардың мәдени және рухани дамуына жағдай жасау. Осындай шаралар арқылы азаматтар өз өлкесінің тарихымен жақынырақ танысып, елжандылық сезімін қалыптастырады. Бұл – қайта әлеуметтенудің маңызды бір бөлігі. Алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарда бар», – деді пробация инспекторы Ержан Акбар.

Есептегі азаматтар мұражайға экскурсия жасады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: