Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Есептегі азаматтар музейге экскурсия жасады

10.10.2021

616 0

Сырдария аудандық пробация қызметінің инспекторлары пробация есебінде тұратын 20-нан астам сотталғанды аудандық-тарихи өлкетану музейіне алып барды. Музей қызметкері сотты болған азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып, 2017 жылы ашылған «Еңбек даңқы» залы бойынша құнды экспонаттармен, мұражай тарихынан толық мәліметтер көрсетіп, кеңінен мағұлмат берді. «Енбек даңқы» залында ауданның қалыптасуы мен даму тарихына үлес қосқан , ел игілігі үшін қызмет жасаған еңбек адамдары, осы ауданнан шыққан, есімі тарихта қалған тұлғалар туралы мәліметтерді сотталғандар қызыға тыңдады. Көненің көзі, ескінің өзінен сыр шертетін тарихи – өлкетану мұражайының қорында 10 мыңнан астам экспонат бар. Экскурсиядан рухани азық алған сотталған азаматтар пробация қызметкерлеріне алғыс айтты.

«Есептегі азаматтарды қоғамнан оқшауламай, ортаға бейімдеу , олармен құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Сонымен қоса әлеуметті-құқықтық көмек көрсету бағытында да жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп тұрады »,- деді аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет майоры Н.Дүйсенбаев.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: