Облыстың оқу орындарында «Есірткі-ғасыр дерті!» тақырыбында дөңгелек үстелдер өтті. Дөңгелек үстелдер барысында «Синтетикалық есірткі заттарының зардабы!», «Кепілгер, граффитист, нашақор сипаты», «Есірткіден бас тарту», «Есірткінің ағзаға әсері», «Дұрыс емес жолға түскендерге көмектесу керек пе» деген сұрақтар қозғалды , – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
Іс-шара барысында тақырыптар бойынша қатысушылардың пікірлері айтылды, кроссвордтар, блиц-сауалнамалар шешілді, танымал тұлғалардың өмірі жайлы мысалдары және есірткіге қарсы танымал өлеңдер келтірілді, бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, қатысушылар есірткіге қарсы мазмұндағы плакаттар салу арқылы нашақорлық мәселесі туралы өз көзқарастарын көрсетуге тырысты.
Ұйымдастырушы – Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының пікірінше, ең үздік, қызықты және креативті дөңгелек үстелдерді: Қазалы ауданы N70 орта мектеп, Шиелі ауданы N244 орта мектеп, Қызылорда қаласы N179 орта мектеп, Сырдария ауданы N44 орта мектеп, Қызылорда қаласы «ORDA SCHOOL» мектебі өткізген.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!