Бейсенбі, 06 ақпан, 18:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Есірткі, психотроптық заттар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді

06.02.2025

11 0

«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы бойынша

Құрметті азаматтар!
Қазақстан Республикасының Президентімен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға қол қойылды (2024 жылғы 27.12.).
Осыған байланысты 2025 жылғы 3 наурызда күшіне енетін оның құқықтық салдарын түсіндіріп кетейін.
Бұл қандай өзгерістер?
Біріншіден, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі таратушылар, оның ішінде «есірткі жасырушылар» үшін қылмыстық жауапкершілік бөлінген. Егер олар үшін Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша бірыңғай жаза қолданылған болса, енді есірткі жасырушылар ҚК сол 297 бабы бойынша бірақ төмендетілген санкциялармен тартылатын болады:

  • 1 бөлігі бойынша енді 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 5 жылдан 10 жылға дейін болған. Бұл егер адам аз мөлшерде есірткі өткізгені үшін ұсталса (мысалға, марихуана 50 граммға дейін; гашиш 5 граммға дейін, мефедрон 0,02 граммға дейін, АльфаПВП 0,01 граммға дейін);
  • 2 бөлігі бойынша енді 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін болған. Бұл егер адам ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін ұсталса (марихуана 1 килограммға дейін; гашиш 200 граммға дейін, мефедрон 0,02 граммнан 1,5 граммға дейін, АльфаПВП 0,01 граммнан 1 граммға дейін);
  • 3 бөлігі бойынша енді 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған. Бұл егер адам ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін ұсталса (марихуана 1 килограммнан астам; гашиш 200 граммнан астам, мефедрон 1,5 граммнан астам, АльфаПВП 1 граммнан астам). Бас бостандығынан айыру орындарында отырған көптеген есірткі жасырушылар бұл заңды бірінші рет аттап өткен жастар. Сондықтан мемлекет түзету жолына тұрған жастарға ертерек еркіндікке шығып жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Бұл да түрмеде отырған халық санының үлесін азайту бойынша маңызды қадам. Бұл жаңа енгізілімдер нені білдіреді? Заң енгізілгеннен кейін заңның кері күші әрекет ете бастайды (ҚК 6-бабы), себебі жаңа нормалар олардың жағдайын жақсартады. Бұл санаттағы адамдардың шартты-мерзімінен бұрын босатуға, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін одан да жұмсақ түрімен ауыстыруға құқығы болады (айыппұл, бас бостандығын шектеу). Анықтама ретінде: қазір колонияларда есірткі қылмыстары үшін шамамен 4 мың сотталушы отыр (9,4%), әйелдер -225 (0,5%) және 9 (0,02%) кәмелетке толмағандар. Бірден айта кетейін, әрбір үкім сотпен дербес қаралатын болады (айлық мерзім). Бұл үшін сотталушы жазасын өтеп жатқан мекеме әкімшілігінің ұсынымы немесе оның өзінің өтінішхаты қажет (ҚК 72, 73-баптары, ҚПК 161, 162 және 169-баптары). Болжам бойынша есірткі қылмыстарын жасаған 1 мыңнан астам сотталушы осы құқығын пайдалана алады. Анықтама ретінде: алдын ала деректер бойынша соттармен 2 430 сотталушыға қатысты істер қайта қаралады, оның ішінде:
    • бас бостандығынан айыру орындарынан 427 сотталушыны босату (әйелдер – 17, кәмелетке толмағандар – 0).
    • ШМББ – 894 (әйелдер – 87, кәмелетке толмағандар – 0);
    • ЖЖА-1109 (әйелдер – 152, кәмелетке толмағандар – 0).
      Екіншіден, заңмен біржола ҚК 297-1 жеке бабы енгізілуде, онымен есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі өндірушілер, сондай-ақ лауазымды тұлғалар үшін жаза қатаңдайды.
      Оларға 15 жылдан 20 жылға дейін немесе бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
      Анықтама ретінде: 1 бөлім – 5 жылдан 10 жылға дейін; 2 бөлім – 6 жылдан 12 жылға дейін; 3 бөлім – 10 жылдан 15 жылға дейін; 4 бөлім – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы.
      Және үшіншіден, күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есірткіні өндіру, әзірлеу, қайта өңдеу кезінде қолданылатын прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік бірінші рет енгізілуде.
      Анықтама ретінде: прекурсорлар – қос мақсаттағы бұл заттар металлургиялық, фармацевтикалық, химиялық, мұнайгаз және басқа да салаларда кеңінен қолданулады (толуол, сірке, тұз, күкірт қышқылдары, ацетон, эфедра шөбі, сірке қышқылының ангидриді).
      Мысалға, тұз қышқылынсыз дәнекерлеу, сондай-ақ қалайылау кезінде металдар тез және тиімді тазаланбайды. Тұз қышқылынсыз марганец, өндірістік темір және басқа да кең тараған металлдарды алу да қиынға соғады.
      Ацетонды қолданбаса медицинада дәрілік препараттарды алу барысында экстракцияларды бөлуге мүмкін болмайды.
      Бұған дейін қылмыстық жауапкершілік тек прекурсорлардың контрабандасы үшін көзделген.
      Аталған өзгерістер прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың айналымына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
      Енгізілген өзгерістер қылмыстық жауапкершіліктің бұдан да әділетті жүйесін құруға, сондай-ақ қоғамды есірткінің заңсыз айналымы салдарынан қорғау бойынша шараларды күшейтуге мүмкіндік береді деп пайымдаймыз.

Ардақ Әбішұлы Дөненов

Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: