Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шара барысында есірткі затын сатуға күдіктелген 46 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Заттай дәлелдеме ретінде салмағы 4 гр.кептірілген марихуана алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!