Жексенбі, 24 қараша, 09:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Есірткі затын сақтаған тұрғын ұсталды

01.02.2021

857 0

        30 қаңтар күні сағат 13:30 шамасында Қазалы ауданында полицияға ауыл тұрғыны хабарласып, мас күйіндегі белгісіз азаматтың мазалап жатқандығын  айтады.

       Полиция қызметкерлері хабарлама бойынша барып, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында оқиға орнында ұсталған құқық бұзушының күртешесінің қалтасынан газет қиындыларына оралған ерекше иісі бар 2 дана зат алынды.  Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар 20 гр.  «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.  

          Күдікті бұрын істі болған 42 жастағы аудан тұрғыны болып шықты.      Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

        Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: