Жексенбі, 24 қараша, 19:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Есірткі – зұлым!

28.03.2023

663 0

Қызылорда жастары есірткіге және оларды таратушыларға
қарсы екендігін білдірді. Қызылорда облысының оқушылары мен студенттері «Есірткі – зұлым!» ұранымен, #бізесірткігеқарсымыз хештегтерді ұстана отырып, Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған челленджге қатысты.
Жас полиция көмекшілері әзірлеген видеоларында қоғамға зиян келтіретін осы құбылысқа теріс көзқарастарын білдіріп, жас ұрпақты оның ықпалына берілмеуге, осылайша өз өмірін бақытты етуге шақырды!
Үздік деп танылғандар: Достанова Гүлжанай (№2 Арал ауданының мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты, Рахман Ералы (Қармақшы ауданының №185 орта мектебі), Сейітжан Ерәулет (Жалағаш ауданының №118 орта мектебі).
Жеңімпаздар сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Есірткі – зұлым!
Есірткі – зұлым!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: