Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жастар арасында есірткіге қарсы үгіт бригадалар байқауы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды. Сайыстың бірінші кезеңі аймақтарда жергілікті білім бөлімдерімен өткізіліп, екінші кезеңіне үздік болып танылған 20 команда қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой – пікірлерін, өздерінің үгіттеу шаралары, ән, би мен миниатюралар театырындағы қойылымдарында көрсете білді. Сайыскер – үгіт бригадалардың 15-сі жеңімпаз атанды. Үздік болып танылғандар: Шиелі ауданы N49 орта мектебі, Арал ауданы N292 орта мектептің екі үгіт тобы және Сырдария ауданының N137 орта мектебі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!