2025 жылдың 2 айының қорытындысымен 38 есірткі қылмысы тіркелген, оның ішінде есірткі өсіру- 1, өткізу- 4 , аса ірі көлемде сақтау- 1 , жарнамалау- 2. Заңсыз айналымнан 86 кг 691 гр. есірткі заты алынған, оның ішінде 60,064 гр. марихуана есірткі заттары тәркіленді.
Жүргізілген жедел іздестіру шаралар барысында үй ауласындағы жылыжайдан сора өсімдігін өсіріп марихуана өндірген 4 қала тұрғыны құрықталып, 2 фитозертхана анықталды.
Облыс орталығында полицияның кешенді күштерімен күнделікті нарядтарда көп қабатты үй аулалары, гараждар мен құрылыс аумақтары арасында тексеру жұмыстары үнемі жүргізіліп, жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы шолу жұмыстары жүргізілді.
Ұйымдасқан қылмыстық топ іс-әрекеттерін әшкерелеу, қылмыстық жолмен алынған қаражаттарды заңдастыру, есірткі тұтыну үшін притон ұйымдастыру деректерін анықтау мақсатында әзірлеме жұмыстары жүргізілуде. Іс-шара аяқталғанымен бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
«Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндеті».
Жастар – біздің болашағымыз! Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлығымыз үшін ең бірінші орында екенін ұмытпайық.
Полиция Департаментінің жеке құрамы өз кезегінде нашақорлықтың алдын алуда қойылған міндеттерді орындау үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдаланып, әрдайым бірлесіп есірткіні түбегейлі жоюға жұмыстар жасауда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!