Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Есірткіге сынама алынды

26.01.2024

304 0

ҚР ІІМ нұсқаулығына сәйкес Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының арнайы мамандары облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің аттестатталған қызметкерлерін есірткіге скринингтен өткізу үшін сынама алды.


«Қазір психикалық денсаулық орталығының арнайы мамандары жеке құрам қызметкерлерінен сынама алу үшін құрал-жабдықтарын әзірлеуде. Бұл сынама әр қызметкерден ерікті түрде алынады. Министрліктің бұл бастамасы темекі тарту мен алкоголизмнің, есірткіге тәуелді болудың алдын-алу мәселесін қолға алғанын білдіреді. Наркологтың айтуынша, зиянды әдетке салыну жұмысқа жарамды жаста қаза болудың негізгі себептеріне жатады. Бұл өз кезегінде жалпы еңбек өнімділігінің төмендеуіне, одан келіп елдің экономикасына әсер етеді,-деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтетілеуов.


Арнайы мамандар жеке құрам қызметкерлерінің сынама нәтижелері теріс көрсеткіш көрсеткенін айтып, зиянды әдетке әуестенбей, салауатты өмір салтын ұстанған қызметкерлерге ризашылығын білдіріп, бұл сынама алдағы уақытта қайта алынатынын хабарлады.


Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: