Жұма, 21 қараша, 20:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Есірткімен айналысқан студенттер анықталды

21.11.2025

38 0

Фото: Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитын екі студент қызды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке тексеру кезінде қыздардың бірінің сырт киімінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған ақ ұнтақ зат салынған 25 түйіншек табылып, тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер бұл қылмысты бірлесіп жасаған және осылайша жеңіл табыс табуды көздеген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпас екенін ескертеді.

Мұндай әрекеттер жасөспірімдердің өмірін құртып қана қоймай, бүкіл қоғамға қауіп төндіреді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: