Дүйсенбі, 10 қараша, 13:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Есірткімен күресте рекордтық нәтиже: ProkAi үш айда 2000 дроппер шотын тапты

10.11.2025

53 0

Фото: BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Бас прокуратурада Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен және отандық IT-әзірлеушілермен бірлесіп дайындалған екі инновациялық жоба – «CryptoTrace» және «ProkAi» таныстырылды. Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғарыда аталған бұл құралдар есірткі қылмысына қарсы күреске бағытталған және Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» идеясын ілгерілету шеңберінде әзірленіп, прокуратураның теңгеріміне берілді.

«CryptoTrace» – желідегі транзакцияларды талдап, есірткі бизнесіне қатысы бар ақшалай операцияларды анықтауға мүмкіндік беретін жаңа буынның іздеу жүйесі. 

«ProkAi» – интернет кеңістігінде есірткі саудасын анықтауға арналған интеллектуалды платформа. Бұл жүйе тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп, адам маманнан ондаған есе көп талдау операциясын орындай алады, – деп жазды Асылов.

Бас прокуратура мәліметінше, «ProkAi» чат-боты үш айда 2 мыңнан астам дроппер шоттарын анықтаған. Бағдарлама SimBox құрылғылары арқылы есірткі дүкендерінің нөмірлеріне қосылып, қылмыстық шоттардың кең желісін анықтауға көмектескен.

Жобалар нақты тергеу барысында сыналып, нәтижесінде 15 мыңнан астам дроппер шоты табылған: олардың 2 мыңға жуығы – қазақстандық, 13 мыңнан астамы – шетелдік, сондай-ақ 620 криптовалюта шоты әшкереленді. Жүзден астам дроппер қылмыстық жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, соңғы пайда табушылардың криптоәмияндары жедел анықталып, олардың ішінде шамамен 5 млн USDT көлемінде активтер болғаны белгілі болды. Бұл есірткі саудасынан түсетін заңсыз қаржы ағындарының ауқымын көрсетеді.

Бас прокурор Берік Асылов Шымкент қаласы прокуратурасының қызметкерлері мен IT-компания әзірлеушілеріне «Заң мен Тәртіпті» қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Оның айтуынша, бұл бағдарламалар алдағы уақытта елдің барлық өңірінде қолданысқа енгізіліп, азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүдделерін қорғауға бағытталады.

Жасанды интеллект құқықтық тәртіптің ажырамас бөлігіне айналып, қылмысты анықтауға ғана емес, оның алдын алуға да мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: