Жуырда Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Б. есімді азаматтың қалтасынан есірткі затын тәркілеген. Сот үкімімен оған 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалып, Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне алынды.
Қазір таңда ол жұмыссыз болғандықтан, Ақжарма ауылдық округі ауыл әкімінің өкімімен күніне 8 сағат қоғамдық орындарды абаттандыру, тазалау жұмыстары арқылы , жазасын өтеуде.
«Өзім жұмыссыз болғандықтан, күніне 8 сағат қоғамдық жұмыс жасап, жазамды тезірек өтеп, пробация есебінен шығарылсам деймін. Бұл жағдай маған сабақ болды. Келешекте бұндай қателікке бой алдырмай, қоғамға пайдамды тигізетін азамат болсам деймін »,- деді есептегі азамат.
«2025 жылдың 3 айында қоғамдық жұмысқа 19 азаматқа тағайындалған. азамат тартылды. Олар күніне 4 сағаттан жергілікті әкімдік белгілеген орындарда көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын атқарды. Бүгінде осы бір азамат қоғамдық жұмысқа тартылып, жазасын күніне 8 сағаттан өтеп жатыр. Уақытылы келіп, жұмысын тиянақты орындап жүр»,-деді пробация қызметінің қызметінің аға инспекторы Жанар Сұлтанова
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!