Жексенбі, 24 қараша, 04:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Есірткісіз өмір ғажайып

09.06.2022

1509 0

Бүгінде төрткүл дүние нашақорлықпен күресуде. Өйткені есірткі – қоғам дерті, әлемді жаулаған қатер. Әсіресе бұл індеттің жастар арасында өршуі кім-кімді де алаңдатпай қоймайды. Есірткіге құмарту жасөспірімдер үшін алғашқыда қызық көрінуі әбден мүмкін. Алайда оған бара-бара тəуелді болып қалғанын байқамай да қалады.

Есірткісіз өмір ғажайып

Қазіргі кезде қауіпті індетпен тек ішкі істер органдары емес, қоғамдық ұйымдар, мəдениет, білім салалары бірлескен түрде күресуде. Себебі  нашақорлық келешек ұрпақтың денсаулығына, бүкіл бір ұлттың болашағына қауіп төндірумен қатар, қоғамда қылмыстық əрекеттердің өсуіне ықпал етеді.

– Өткен жылы 201 есірткі қылмыстары анықталып, заңсыз айналымнан 127 келі марихуана есірткі заты тәркіленді. Сонынмен қатар 14 мың түптен аса сора өсімдігі оқиға орнында жойылды. Ал есірткі қылмысымен айналысқан 137 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның 52-і есірткі затын өсіргені үшін құрықталды. Жыл басынан бері құқық бұзушылықтардың 73 дерегі тіркеліп, 21 келі 456 грамм есіркі заты тәркіленді. Соңғы кезде әлеуметтік желілер арқылы синтетика есірткіні таратудың жаңа тәсілі шыққан. Атап айтсақ, онлайн арқылы тапсырыс қабылдап, есірткіні белгіленген жерге жасырып қою деректері орын алуда. Олар курьердің көмегімен көп қабатты тұрғын үйдің, ғимараттың, қоршаулар мен гараждың қабырғасына «граффити» суретімен сілтемелерді жарнамалап, насихаттау арқылы әрекетін жүзеге асыруда. Осыған орай департаментпен жүргізілген кешенді жедел іздестіру шараларының нәтижесінде есірткі тарататын сайттарды жарнамалаған Қызылорда қаласының 20 жасар азаматшасы ұсталды. Өкінішке орай оның 110 дереккеқатыстылығы анықталды. Жыл сайын нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар өткізіліп келеді. Есірткінің зияндылығын насихаттау бүгінгі біздің басты жұмыстың бірі, – деді Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Мақсат Беркімбаев.

Есірткісіз өмір ғажайып

Елімізде нашақорлықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар, дәрістер оқылып, семинар, дөңгелек үстелдер және акциялар ұйымдастырылуда. Жыл сайын есiрткiнiң адам өмiрi мен денсаулығына зияндығын, бiр адасқан соң үйiрiне қайта қосылып, қатарға iлiнiп кетудiң оңай еместiгiн жастарға түсiндiру мақсатында есiрткiге қарсы күрес айлығы жарияланады. Биыл да 27 мамырдан бері нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды. Оның басты мақсаты – жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға, жаһандық дертпен жұмыла күресуге шақыру. Айлық шеңберінде облыс көлемінде нашақорлыққа қарсы күресте атқарылған жұмыстар мен салауатты өмір салтын насихаттау шаралары бойынша түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Оған аймақтағы білім беру ұйымдарының ұстаздары, студенттерімен оқушыларының барлығы қатысуда.

Есірткісіз өмір ғажайып

Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы күрес бағытында ауқымды шараларды ұйымдастырған Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары үздіктер қатарынан көрінді. Оның ішінде аталмыш аудандардың білім бөлімінің әдіскерлері – Шиелі ауданынан Талғат Бөпежанов, Қазалыдан Нұрлан Жанарыстанұлы, Қармақшы ауданынан Ақтолқын Тоқшылықованың еңбектері жоғары бағаланды. Олар жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында есірткіні пайдалану және құқық бұзушылықтар жасау салдарлары туралы хабардар етуге бағытталған  2021 – 2022 оқу жылына арналған алдын алу іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы  іс-қимыл басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейтін аудандағы мықты мамандар. «Нашақорлыққа қарсы күрес» бағытында ұйымдастырылған түрлі шаралар барысында жоғары, орта, жалпы білім беру ұйымдарының студенттерімен оқушылары диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.  Айта кету керек, облыс аумағында бір ай ішінде нашақорлықтың алдын алу бағыты бойынша атқарылған жұмыстар 26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қорытындыланып, кешенді акция ұйымдастырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: