Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Есірткісіз өмір – жарқын болашақ

15.11.2024

282 0

Бүгін облыс әкімдігі мен облыстық прокуратураның бастамасымен жарияланған «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы» аясында Қызылорда қаласының мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, психологтармен, әлеуметтік мамандармен кездесу өтті.

Қалалық қоғамдық даму бөлімі басшысы Айдын Қайруллаевтың жетекшілік етуімен өткен кездесуге қалалық прокуратураның бөлім аға прокуроры Қ.Бауыржан, облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Т. Ахмет, қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Р. Арынғазиева қатысып, есірткі саудасы мен нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар мен міндеттер туралы баяндама жасады.

Өкінішке орай, есірткі заттарын тұтынатын жастар кездесуде. Осыған орай ата-аналардың балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бақылауда ұстау, араласатын ортасын анықтау аса қажет екендігін, сондай-ақ, есірткінің өмірге қауіптілігі, денсаулыққа зияндығы турасында жиі түсіндірме жүргізу маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында қазіргі және алдағы міндеттер талқыланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: