Сенбі, 23 қараша, 08:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Гаухар Абдыхамитқызы: «Қөші – қон саласының тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын»

05.04.2022

907 0

Полиция қызметі десек, көз алдымызға бұзақылармен күресетін және кез келген жағдайда көмекке келуге дайын батыл азаматтың бейнесі келеді. Арнайы форма, погон, қауырт жұмыс, уақытпен санаспайтын кезекшілік — мұның бәрі тек ер-азаматтардың ғана емес, полицей әйелдердің күнделікті өмірінің бөлшегіне айналғалы қашан.

Солардың бірі – көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Болатбекова Гаухар. Жалпы білім беретін орта мектепті бітірген соң, 2003-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің Академиясында жоғарғы білім алған. Әділдікті жаны сүйетін Гаухар алғашқы еңбек жолын тергеу бөлімінің тергеушісі қызметінен бастаған. Уақытпен санаспай, қиындыққа мойымауды әдетке айналдырған әйел-полицей еңбекқорлығымен, өз ісіне жауаптылығымен аға тергеуші лауазымына көтеріледі. Ер азаматтармен қатар жүріп, аса ауыр қылмысты тергеу әйел затына оңай соқпасы белгілі. Бірнеше қылмыстарды ашып, қылмыскерлерді құрықтап өз қызметін мінсіз атқарған.

2016 жылдан бастап халыққа қызмет атқару мақсатында Көші – қон қызметі бөліміне аға инспекторы лауазымына орналасып, бүгінгі таңда міндеттелген қызметті абыройлы атқаруда. Әріптестері арасында үлкен сый мен құрметке ие Гаухар бүгінде көпбалалы ана 3 қыз, 2 қыз тәрбилеп отырған ана.

19 жылдық қызмет бабында Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің Қазақстан полициясына 15 жыл, Ішкі Істер Органында мінсіз қызметі үшін 10 жыл, 20 жыл медальдарымен және Ішкі Істер Органында үздік қызметі үшін төс белгісімен наградталган. Жәнеде департамент, басқарма бастықтарының алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.
​« 5 – сәуір Көші – қон қызметінің құрылғанына 29 жыл толып отыр. Осы тұрғыда барша әріптестерімді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге қызметте абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін» -дейді, Гаухар Абдыхамитқызы.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: