8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Көліктегі ПД Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұжымы нәзік жанды әріптестерін құттықтады. Бөлім бастығы полиция полковнигі Д.Мақсұтов ұжымның әйел азаматтарына деген ыстық лебізін білдіріп, ҚР ІІМ-нен және Көліктегі ПД-нен келген медальдар мен мақтау қағаздарын табыс етті.
Ал, Қызылорда ст. ЖПб-нің жеке құрамы бірге қызметтес әйел азаматтарға гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтарды табыс етті. Салтанатты жиынның соңы концерттік бағдарламамен ұласты. Қызметкерлер және арнайы осы кешке шақырылған дарынды оқушылар өздерінің аналарға деген әндерін тарту етті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!