«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай Қызылорда облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, еріктілер және жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп, есірткіге қарсы баспа өнімдерін тарату мақсатында есірткіге қарсы акция өткізді.
Есірткіге қарсы азаматтық ұстанымын білдіргісі келген сауда орталықтарының, базарлардың сатушылары мен сатып алушылары, көшеде өтіп бара жатқандар мен «ArayCityMall» сауда орталығына келушілер есірткіге қарсы баспа өнімдерінде көрсетілген ақпаратқа қызығушылық танытты.
Акцияны ұйымдастырушылар жастарды өмірді таңдауға, өз денсаулығына қамқорлық жасауға, салауатты өмір салтын ұстануға, қиындықтарға төтеп беруге және қиын өмірлік жағдайларда «Сенім телефондарын» пайдалануға және «Жоқ!» деп айта білуге шақырды.
Акцияға қатысушыларға нашақорлықты қалай тануға болатыны, бала есірткі қабылдаған жағдайда не істеу керектігі және онымен қалай күресу керектігі туралы ақпараттан тұратын буклеттер таратылды. Бұл акция Қызылорда қаласы тұрғындарының назарын қоғамның өзекті мәселесіне тағы да аударуға мүмкіндік берді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!