Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 12:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Халықаралық құжаттардың құқықтық танылуы

10.12.2025

33 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазіргі жаһандану жағдайында мемлекеттер арасындағы құқықтық және әлеуметтік қатынастардың кеңеюі азаматтардың шетелге түрлі мақсатпен шығуына, ресми құжаттарын өзге елдерде пайдалануға деген қажеттілікті арттырды. Бұл ретте құжаттардың шетелде заңды күшке ие болуы үшін оларды тиісті тәртіппен растау маңызды құқықтық талап болып табылады. Осындай рәсімдердің бірі – халықаралық айналымға арналған құжаттарды жеңілдетілген тәртіппен куәландыру институты.

Бұл тәртіп құжаттың түпнұсқалығын, лауазымды тұлғаның қолының және мөрінің шындыққа сәйкестігін растап, оны шетелде пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Гаага конвенциясына қосылуы азаматтарға бұрын күрделі болып келген консулдық заңдастыру рәсімін алмастырып, анағұрлым жеңіл әрі тиімді механизмді енгізді. Конвенцияға мүше мемлекеттер бір-бірінің аумағында берілген құжаттарды арнайы куәландыру арқылы қабылдайды, бұл халықаралық құқықтық қатынастардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді.

Халықаралық деңгейде құжаттарды тану рәсімінің жеңілдеуі азаматтық хал актілері, білім туралы құжаттар, сот актілері және нотариаттық құжаттар сияқты маңызды ресми құжаттарды шетелде оңай пайдалануға құқықтық мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтар үшін уақыт пен қаржылық шығындарды азайтып, олардың шетелде оқу, жұмыс, емделу немесе жеке құқықтарын қорғау мақсатында қажетті процестерді тез әрі қолжетімді форматта жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Құжаттарды халықаралық деңгейде мойындау тәртібінің тиімді енгізілуі құқықтық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған мемлекетаралық ынтымақтастықты күшейтеді. Бұл механизм құжаттардың түпкі мазмұнын өзгертпейді, тек оларды рәсімдеген орган мен қызметтік өкілеттіктердің заңдылығын растай отырып, халықаралық айналымда қолдануға жол ашады.

Осылайша, шетелде құжаттарды пайдалану рәсімінің жеңілдетілген нысаны бүгінгі күннің талаптарына толық сәйкес келетін, халықаралық құқықтық қатынастарды оңтайландыратын және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды құқықтық институт болып табылады.

Шыңғысов Ғалым Әнуәрұлы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: