Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Хаменованың ісі: Рысқалиев күтпеген мәлімдеме жасады

14.10.2022

706 0

Кезекті сот отырысындағы жарыссөз кезінде Рысқалиев бұған дейін келтірген айғағын антикор қызметкерлерінің нұсқауымен айтқанын баяндады, деп хабарлайды atpress.kz.

«Олардың айтқанын жасап, соңына дейін әрекет етсем, куә болып қалатынымды және ешқандай жауапкершілікке тартылмайтыныма сендірді. Сондықтан, солардың нұсқауымен әрекет еттім. Шындығында Адамовтан алған ақша пара емес, демеушілік қаржы болатын», – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменованы үй қамаққа алған. Бірақ 22 желтоқсанда екі айға қамауға алуға санкция берілді.

Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: