Жексенбі, 19 қазан, 00:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

ІІМ-де кеңейтілген алқа отырысы өтті

18.10.2025

120 0

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде орталық аппарат қызметтерінің, полицияның аумақтық бөліністерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің, ведомстволық оқу орындарының басшылары, сондай-ақ Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының командирлерінің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Отырыста ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жедел қызмет қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік қоғамда «Заң мен Тәртіп» және кез келген құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидаттарын нығайтуды жалғастырып келеді. Ведомство жүзеге асырып жатқан кешенді шаралар өз нәтижесін беруде: жыл басынан бері қылмыс саны 6 мыңға немесе 7%-ға азайған, соның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, бұзақылық және ұрлық сияқты қылмыстардың саны төмендеген. 

Қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын құқықбұзушылықтар да азайды. 

Ең бастысы – азаматтардың қауіпсіздігі. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың азаюы – бұл қайғылы жағдайлардың алдын алынып, адамдардың қорғалу деңгейінің артуы, – деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов. 

Сонымен қатар алқа отырысында министр жұмыс барысында орын алып отырған кемшіліктерге тоқталып, күшейтілген бақылауды және тәсілдерді қайта қарауды талап ететін мәселелерге назар аударды. Жол қауіпсіздігі ерекше бақылауда тұр. Тоғыз айдың ішінде республика бойынша 26 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жол апаттарынан қаза тапқандар саны азайған. 

Министр бұл көрсеткіштің аздап төмендегеніне қарамастан әрбір санның артында адам өмірі тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты ол трассаларда патрульдеуді күшейтуді, патрульдік жасақтардың санын арттыруды, патрульдеу бағыттарын қайта қарауды және жол қозғалысын бақылауға арналған цифрлық шешімдерді белсенді енгізуді тапсырды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. 

Есептік кезеңде ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактілері бойынша 70 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 13-і трансұлттық топтарға қатысты. Жалпы 248 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Министр табиғи және биоресурстарды заңсыз өндіруге байланысты қылмыстық схемаларды әшкерелеу жұмысын күшейтуді тапсырды, сондай-ақ халықаралық көлік бағыттарында жүктің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдауды жүктеді. Ведомство басшысы мал ұрлығына қарсы күреске ерекше назар аударды. Ол ауылдық жерлерде мал халықтың негізгі табыс көзі екенін атап өтіп, бұл бағытта профилактикалық шараларды күшейту міндетін қойды.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі жеке қаралды. Соңғы жылдары мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу тәсілі түбегейлі қайта қаралып, зорлық-зомбылықты ерте кезеңде анықтап, оның болдырмауға басымдық берілді, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылды. 

Есептік кезеңде 70 мыңнан астам қорғау ұйғарымы шығарылып, құқықбұзушыларға 16 мыңнан астам мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптар белгіленді. Дағдарыс орталықтарына 6,5 мың әйел менбала жіберілді. Министр кейбір өңірлерде әрекет етубаяу жүріп жатқанын атап өтіп, учаскелік полиция қызметінің жұмысын бақылауға алып, қорғау ұйғарымдарының орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: