Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ІІМ интернетте таралған қауіпті ойындардың психикаға теріс әсер ететінін айтты

30.09.2024

585 0

Сурет: Арман Мухатов

Мессенджерлерде қауіпті ойындар таралып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан бері мониторинг нәтижесінде суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды.
Олар бойынша ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілді. Соңғы уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат таралып жатыр. Мұндай ойындарда өз-өзіне қол салу  элементтері кездеспейді, бірақ, онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін, – деді Алекешев министрлікте өткен брифингте.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің өкілі ата-аналарға бала тәрбиесіне мұқият көңіл бөлуге шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: