Бейсенбі, 02 сәуiр, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

ІІМ Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

02.04.2026

47 0

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тіркеліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Ведомствоның мәліметінше, қаскүнемдер өздерін түрлі компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырып, азаматтарды алдаудың жаңа схемасын қолдана бастаған.

Алаяқтар жалған аккаунттар мен бөтен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы хабарласады. Олар деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қаупі бар екенін айтып, жағдайды әдейі күрделендіріп көрсетеді. Сонымен қатар жедел әрекет етуді талап етіп, психологиялық қысым жасайды.

Одан кейін азаматтарға “мамандар” немесе “құқық қорғау органдарының қызметкерлері” хабарласатыны ескертіледі. Алаяқтар олардың нұсқауларын сөзсіз орындауды талап етеді.

Нәтижесінде күдіктілер адамдарды ақшасын шешіп алып, оны “қауіпсіз шоттарға” аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі.

ІІМ дерегінше, алаяқтар заманауи технологияларды да белсенді қолданады. Атап айтқанда, нөмірді ауыстыру, дауысты өзгерту сияқты тәсілдер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, қырағылығын төмендетуге тырысады.

– Банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді, – деп ескертті министрлік.

Ведомство азаматтарды бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға, кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және күмәнді жағдай туындаса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Айта кетейік, алаяқтық жолмен алынған қаражатты дроппер арқылы айналымға шығару схемасы әшкереленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: