Жұма, 15 қараша, 19:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Интернет алаяқтарынан сақтанайық

15.11.2024

65 0

Қоғамда цифрландырудың маңызы күн өткен сайын артып келеді. Қазір онлайн-режимде банк қызметі мен мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Өкінішке орай оны қылмыстық алаяқтар белсенді пайдаланады. Облыс көлемінде 252 интернет алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 117 млн астам шығын келтірілген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев мәлімдеді.

  • Алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі – ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландырулар орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда. Әдетте, алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағасын көрсетеді және алдын-ала төлемді не толық төлемді сұрайды. Биыл 48 осындай қылмыс тіркелді, – деді Серік Әбдімәуленұлы.
    Алаяқтың құрбаны болмас үшін тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісіңіз. Бейнеқоңырау арқылы тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыздан тауарды алуын және жіберуін сұраңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: