Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интернет арқылы жасалатын қылмыстардың, соның ішінде алаяқтықтың күрт артуына себеп болып отыр. Интернет алаяқтық — бөтеннің мүлкін немесе қаражатын алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен иемдену мақсатында жасалатын әрекет болып табылады. Бұл іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделген.
Интернет алаяқтықтың кең тараған түрлеріне фишинг (жалған хаттар мен сайттар арқылы деректерді ұрлау), жалған онлайн-сатылымдар, өзін банк не мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстыру, инвестициялық және криптовалюталық алдау схемалары жатады.
Алаяқтықтың негізгі белгілері:
• бейтаныс адамдардан күмәнді сілтемелер мен хабарламалар келуі;
• банк картасының нөмірі, SMS-коды, құпиясөзді сұрау;
• ресми орган немесе банк атынан жеке шотқа ақша аударуды талап ету.
Алдын алу шаралары:
1. Бейтаныс тұлғаларға жеке деректер мен банк ақпараттарын бермеу;
2. Ресми сайттардың мекенжайын тексеру және күмәнді сілтемелерге кірмеу;
3. Банктегі карталарға онлайн-төлем шектеулерін қою;
4. Антивирустық қорғау мен екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
5. Электронды цифрлық қолтаңбаны тек ресми мақсатта қолдану.
Алаяқтық құрбаны болған жағдайда:
• банкке дереу хабарласып, карта немесе шотты бұғаттау;
• полицияға онлайн немесе жазбаша арыз беру;
• барлық электронды дәлелдерді (хаттар, скриншоттар, қоңыраулар) сақтау қажет.Интернет алаяқтықпен күрес әрбір азаматтың ақпараттық сауаттылығы мен сақтығына байланысты. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау өзіңізді және қаражатыңызды қорғаудың ең тиімді жолы.
Қызылорда қаласыныңмамандандырылған тергеусотының бас маман-сот отырысының хатшысы Нұржігітов Қанат Болатұлы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!