Жұма, 14 қараша, 17:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Интернет алаяқтықтың өзектілігі және одан қорғану тетіктері

14.11.2025

44 0

Фото: freepik.com


Қазіргі таңда интернет алаяқтық қоғамда кең таралған қылмыс түрлерінің біріне айналды. Цифрлық технологиялардың дамуы азаматтарға жаңа мүмкіндіктер бергенімен, қылмыскерлер үшін де жаңа тәсілдерді қолдануға жол ашты. Соңғы жылдары интернет арқылы жасалатын алдау, қаржы жымқыру, жалған парақшалар мен жалған дүкендер арқылы азаматтардың мүлкін иемдену оқиғалары күрт артқан.


Алаяқтардың басты мақсаты – азаматтарды сендіріп, олардың жеке мәліметтерін немесе қаржысын иемдену. Әсіресе әлеуметтік желілер, мессенджерлер, түрлі сауда платформалары мен жалған инвестициялық жобалар алаяқтар жиі пайдаланатын кеңістікке айналды. Бейтаныс нөмірлерден жіберілетін сілтемелер, «жүлде ұттыңыз», «шұғыл ақша қажет» деген хабарламалар арқылы адамның психологиясына әсер ету жиі кездеседі.
Интернет арқылы жасалатын алаяқтық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабымен қарастырылған, ал ақпараттық технологияларды пайдалану жауаптылықты ауырлататын мән-жай болып табылады. Сот тәжірибесінде мұндай қылмыстар бойынша процессуалдық материаллар көбіне банк шоттарын бұғаттау, ақпараттық деректерді алу және байланыс нөмірлеріне қатысты тергеу әрекеттерін санкциялауға бағытталады. Материалдарды қарау барысында сот қылмыстық процестің талаптарын сақтауды, дәлелдемелердің жеткіліктілігін, тергеу органының өтініштерінің заңдылығын мұқият бағалайды.
Интернет алаяқтықтан сақтану үшін азаматтарға бірнеше негізгі ережелерді ұстану ұсынылады. Ең алдымен, бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерді ашпау, интернеттегі парақшалардың ресми екенін тексеру, банк деректерін үшінші тұлғаларға бермеу, күрделі құпиясөздер қолдану маңызды. Әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді шектеулі түрде жариялау және күмәнді ұсыныстарға сенбеу – өз қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетіктері. Күмән туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына жедел хабарлау қажет.
Интернет алаяқтықпен күрестің тиімділігі тек құқық қорғау органдарының жұмысына емес, әлеуметтік жауапкершілікке де тікелей байланысты. Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – алаяқтықтың алдын алудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Бахытжан Ердәулет Ермекұлы

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: