Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Интернет арқылы алдаған алаяқ ұсталды

01.02.2021

1306 0

31 қаңтар күні қызылордалық полицейлер интернет алаяқты  қолға түсірді.  Жеңіл пайда табамын деген алаяқ азаматтан «OLX» жарнама сайты арқылы «үйінің кірпішін қалап беремін»-деп, «Каспий Голд» есеп-шотына 400.000 теңгесін алдап аудартып алып, уәдесін орындамаған.  

          Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа күдікті Түркістан облысының  32 жастағы тұрғыны ұсталды.

          Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 – бабының 1 – бөлігімен  (Алаяқтық)  сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: