Жексенбі, 24 қараша, 19:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Интернет банкингпен ақша жымқырған ұры ұсталды

28.01.2021

1454 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына зейнеткер, 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.

Арызда көршісі 27 жастағы азамат оның аңғалдығын пайдаланып,алаяқтық жолмен, интернет  – банкинг арқылы өзінің есепшотына 304 000 теңге қаражат аударып алғанын көрсеткен. 

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда қаласының Полиция басқармасы алаяқтардың құрбаны болмас үшін қала тұрғындарынан қырағылық пен мұқияттылықты сақтауды сұрайды!

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: