Бейсенбі, 11 желтоқсан, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Интернет-дүкен арқылы есірткі таратқан қылмыстық схема әшкереленді

11.12.2025

25 0

Сурет: polisia.kz

Алматы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ІІМ-нің бейінді бөлімшелерімен бірге психотроптық заттарды интернет-ресурстар арқылы сақтап, орап және таратумен айналысқан кең ауқымды қылмыстық схеманың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында бір қылмыстық тізбектің үш қатысушысы ұсталды. Әрқайсысының өз рөлі бар: бірі – есірткі заттарын бөліп қаптау мен «қалталар» дайындау, екіншісі – дайын дозаларды тасымалдау, үшіншісі – ірі партияларды уақытша сақтау.

Бірінші ұсталған жас жігіт тыйым салынған заттарды бөліп-ораумен және жасырын «қалталар» дайындаумен айналысқан. Одан есірткі заттары, орау құралдары, электрондық таразылар және онлайн-есірткі дүкендеріне тән басқа да жабдықтар тәркіленді.

Екінші күдікті — дайын дозаларды тасымалдауды қамтамасыз еткен курьер. Тексеру кезінде одан психотроптық заттар салынған орамалар, таблеткалар және әрі қарай таратуға арналған керек-жарақтар табылды. Оның тапсырмаларды мессенджер арқылы анонимді куратордан алғаны, ал есеп айырысудың криптовалюта арқылы жүргізілгені анықталды.

Үшінші фигурант — есірткінің едәуір бөлігін сақтайтын тұлға. Одан ондаған сатуға дайын орамалар тәркіленді. Полицейлер оның есірткіні қабылдап, уақытша сақтайтын, яғни интернет-дүкеннің «аралық қоймасын» ұйымдастырғанын анықтады.

«Олардың әрекеттері келісілген және Алматы аумағында психотроптық заттарды кең ауқымда таратуға бағытталған. Дер кезінде атқарылған жедел шаралардың нәтижесінде бұл желінің қызметі толық тоқтатылды. Өзге қатысушыларды анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Барлық эпизодтар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер күдіктілердің өзге интернет-дүкендермен және қала аумағында есірткі тарату фактілерімен байланысын тексеріп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: