Жексенбі, 24 қараша, 19:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ірі мөлшерде есірткі заттарын тасымалдаған тұрғын ұсталды

04.02.2021

1351 0

2021 жылдың  26 қаңтар күні түскен жедел ақпаратқа сәйкес «Самара-Шымкент» тас жолының Жаңақорған ауданы  тұсында аудандық полиция және Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жеңіл автокөлік тоқтатылды.

Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан  пакет алынды. Онда  ерекше иісі бар шөптер салынған 328 сіріңкі қораптары анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттар 1 келіден аса  «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.

Оқиға орнында күдікті ұсталып, ол 39 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны болып шықты.                  

Бүгінгі күні күдікті Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: