Министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрали Сарбақышпен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz ақпаратына сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөнінде ортақ ниет білдірді.
Ішкі істер министрлігі мен Trust Education Company арасындағы әріптестік кадрларды іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, процестің ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!