Сейсенбі, 26 қараша, 00:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Электрондық сот жүйесіндегі сервистер

26.12.2022

610 0

Сурет ашық дереккөзінен алынды

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының барлық соттарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «электронды шақыру қағазы», «сот құжаттарымен танысу» сервисі, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, сот органдарымен байланысу «Call-орталығы», «смс хабарлама» сервисі, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар қызметі енгізілілді.

            Азаматтардың басым бөлігі қазіргі таңда «Сот кабинеті» сервисі қызметіне жүгінеді. Себебі аталған сервис тараптар үшін ыңғайлы етіп жасалған, олар ғаламтор арқылы сот құжаттарымен таныса алады. Еліміздің барлық соттарында арыз беру және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жолданғанға дейін сот ісін жүргізу процесі түгелдей электронды форматқа көшірілді.

            «Сот кабинеті» сервисі арқылы жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері сервиске орналастырылған элеткрондық нысандарды толтыру арқылы сотқа құжаттарды электрондық түрде ұсынуға, сондай-ақ мемлекеттік баждың онлайн төлемін жүргізуге болады. Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, сот жүйесі қызметкерлерінің тараптармен байланысы барынша азайтады, азаматтардың уақытын үнемдейді , сот жүйесінің сотқа қатысушылармен барынша ашықтығы мен қолжетімділігіне қол жеткізуге жағдай жасайды.

Ақтолқын РАХМЕТБЕК,

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған

сотының бас маман сот отырысының хатшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: