Мемлекет басшысы 2022 жылды елімізде балалар жылы деп жариялады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпы ұлттық міндетіміз. Олардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі». Полиция қызметкерлері қызметтік парызымен қатар, адамгершілік, қамқорлық пен мейірімділік сияқты киелі парыздарды да қастерлейді» – деп атап өтті.
Міне, осы міндетті негізге ала отырып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері «Құқық тәртібі» іс-шарасы аясында есепте тұрған 16 қолайсыз отбасының 46 баласымен құқықтық профилактикалық әңгімелесулер жүргізді.
Іс-шара барысында құқық бұзушы 141 жасөспірім басқармаға жеткізіліп, олардың ата – аналарына хаттама толтырылды. Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздікті болдырмау, қылмыстардың алдын-алу түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ересектердің бақылауынсыз көшеде жүрген балаларды анықтап, ата-аналарына тапсыру бойынша түнгі тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, құқықбұзушы жасөспірімдердің ата – аналарына ҚР ӘҚБтК 442 бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын –сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) – 100 әкімшілік шара көрілді.
Жыл басынан бері басқарманың кәмелетке толмаған бейімдеу орталығына 73 жасөспірім орналастырылды. Оларға орталықтан психолог мамандары және полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып құқықтық көмек көрсетілді.
Осы ретте, ювеналды полиция қызметкерлері ұдайы кәмелет жасына толмаған мектеп, колледж білім алушыларымен кездесу өткізуде. Кездесу барысында оларға егжей-тегжейлі құқықтық сабақтар өткізіп, оларға заң бұзушылықтар жасаумауды ескертуде. Және де полиция қызметкерлері ата-аналарға өз балаларына мұқият болуға, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, тиімді өткізу мәселелеріне назар аударуға, олардың қатысуымен, сондай-ақ оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді жасауға қатысты қарым-қатынастардан аулақ болуға шақырады. Бұл реттегі жұмыстапр өз жалғасын табуда.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!