Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енгізіліп, кассациялық сот құру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында кассациялық сот құру мәселелері талқыланып, өте дұрыс бастама екені қазіргі таңда атқарылатын қызметтегі міндеттерінен айқын көрініс табуда.
Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылды. Жария-құқықтық дауларды шешуге қадам жасалып, әкімшілік әділет институты қолданысқа енгізілген жылдың ішінде сот шешімдерінің 60 пайыздан астамы азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілгені белгілі. Бұл халық өкілдерінің сотқа, әділдікке деген сенімін нығайтты. Ал алдағы уақытта Кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға мүмкіндік болады.
Атап айтқанда, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша жүзеге асырылған шаралар сот жұмысындағы төрелік ету кезінде әділ шешімге деген өз көзқарастары мен сенімдерін арттырды деп айтуға болады. Жоғарғы Сот бұл нәтижемен тоқтап қалмай, төрелікке деген сенімді қалыптастыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда. Атап айтқанда, негізгі бастама ретінде кассациялық сот құру басты назарда тұрғаны сөзсіз. Президенттің кассациялық сот құру туралы ұсынысы қазіргі таңда жүзеге асырылып, өз жұмысын бастады. Ең бастысы, кассациялық соттың құрылуы сот жүйесінде тиімді шешім екенін көрсетті.
Сондықтан, қазіргі таңда кассациялық соттың құрылып, алдағы атқарылатын жұмыстары еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, халықтың сот әділдігіне деген сенімін арттырады.
Б.Ердәулет
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
