Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, дербес кассациялық сот құру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылды.
Бірақ, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша жүзеге асырылған шаралар сот жұмысындағы төрелік ету кезінде әділ шешімге деген өз көзқарастары мен сенімдерін арттырды деп айтуға болады. Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкпе-реніші болатыны рас. Жоғарғы Сот бұл нәтижемен тоқтап қалмай, төрелікке деген сенімді қалыптастыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда. Атап айтқанда, негізгі бастама ретінде кассациялық сот құру басты назарда тұрғаны сөзсіз. Ал алдағы уақытта Кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға мүмкіндік болады. Президенттің кассациялық сот құру туралы ұсынысы қазір қоғам тарапынан қызу талқылануда. Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болғаны жөн деген пікірлер айтылуда. Бұл халық өкілдерінің сотқа, әділдікке деген сенімін нығайтты. Қорытындылай келгенде, кассациялық сот құру еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, халықтың сот әділдігіне деген сенімін арттырады.
Г.Чингисов
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!