Дүйсенбі, 20 қаңтар, 18:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4-2117
18.01.2025
PDF мұрағаты

Кассациялық сот құрудың тиімді жақтары

20.01.2025

63 0

Сурет:Н.Нұржаубай

Кассация латынша (quasso-талқандаймын, қиратамын, cassation-жою, бұзу) деген мағынаны білдіреді. Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық сот құру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында кассациялық сот құру мәселелері талқыланған.

Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкпе-реніші болатыны рас. Бірақ, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша жүзеге асырылған шаралар сот жұмысындағы төрелік ету кезінде әділ шешімге деген өз көзқарастары мен сенімдерін арттырды деп айтуға болады.

Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылды.

Алдағы уақытта кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға мүмкіндік болады. Сондықтан, кассациялық сот құру еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін орасан зор қосып, халықтың сот әділдігіне деген көзқарасын дұрыс жағына өзгертіп, сенімін арттырады.

И.Кокчоев

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: