Сенбі, 21 желтоқсан, 23:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кассациялық сот құрудың тиімділігі мен маңызы

19.11.2024

247 0

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енгізіліп, кассациялық сот құру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында кассациялық сот құру мәселелері талқыланған.

Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылды. Ал алдағы уақытта Кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға мүмкіндік болады.

Жария-құқықтық дауларды шешуге қадам жасалып, әкімшілік әділет институты қолданысқа енгізілген жылдың ішінде сот шешімдерінің 60 пайыздан астамы азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілгені белгілі. Бұл халық өкілдерінің сотқа, әділдікке деген сенімін нығайтты. Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болғаны жөн деген пікірлер айтылуда.

Алайда, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша жүзеге асырылған шаралар сот жұмысындағы төрелік ету кезінде әділ шешімге деген өз көзқарастары мен сенімдерін арттырды деп айтуға болады. Атап айтқанда, кассациялық соттардың жұмыс сапасын жандандыру, халықтың сотқа жүгіну тетіктерін оңтайландыру басты назарда тұрғаны сөзсіз.

Сондықтан, кассациялық сот құру еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, халықтың сот әділдігіне деген сенімін арттырады.

Н.Асылбекова

 Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: