Сенбі, 21 желтоқсан, 20:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кассациялық сот құрылады 

20.12.2024

176 0

Фото: egemen.kz

Елімізде сот саласына жаңашылдық енгізіліп, кассациялық сот құру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында кассациялық сот құру мәселелері талқыланған.  Сот төрелігін жүзеге асыру­дың сапасы мен азаматтардың соттарға деген сенім деңгейі әр сот сатысы жұ­мысының тиімділігіне тікелей байланысты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі № 109-VIII Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойып, аталған Конституциялық Заңға сай, еліміздің астанасында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құрылатыны мәлім болды.

Кассациялық сот республикалық деңгейде жұмыс істейді және ондағы істердің қаралу мерзімі алты айдан аспайды. Істерді кассациялық тәртіпте қарайтын судьяларға қойылатын талапта жоғары. Кассациялық сот судьяларының заңгерлік өтілі кемінде 18 жылды құрауы керек, сонымен қатар судьялық тәжірибесі кемінде 8 жыл болуы қажет. Демек, кассациялық сотта тәжірибесі толысқан, кәсіби шеберлігі шыңдалған судьялар ғана қызмет атқаратынын аңғаруға болады.

Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады.

Сот беделі – мемлекеттің беделі. Мемлекеттің бедел-абыройы қоғамның дамып гүлденуінің алғышарты.

Тайыров Даурен

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: