Сейсенбі, 09 желтоқсан, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Казино қарызын өтеу мақсатында алаяқтық жасаған адам ұсталды

09.12.2025

45 0

Фото: pixabay.com

Қосшы қаласында 7 интернет-алаяқтық фактісі ашылды. Күмәнді онлайн хабарландырулар арқылы автокөлік бөлшектерін сатып аламыз деп алданған бірнеше өңірдің тұрғындары зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тергеу деректеріне сәйкес, «Б» есімді азамат онлайн-платформада автокөлік бөлшектерін сату және жедел жеткізу туралы жалған хабарландыру орналастырған. Осылайша ол Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының тұрғындарын алдап, олардың ақшасын жымқырған.

Қосшы қаласы прокуратурасының нұсқауымен күдікті ұсталып, оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағы бойынша («бірнеше рет жасалған алаяқтық») сараланды. Тергеу барысында күдіктінің интернет-алаяқтыққа казинода ұтылған ақшадан жинақталған қарыздарын өтеу үшін барғаны анықталды, – деп хабарлады  Ақмола облысы прокуратурасы.

Прокуратура тұрғындарды онлайн сауда жасау кезінде аса сақ болып, ақпаратты мұқият тексеруге шақырды. Сондай-ақ бейтаныс тұлғалардың кез келген қаржылық операцияларды онлайн режимде жасау туралы ұсыныстарына сын көзбен қарау қажеттігін ескертеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: